Әлеуметтік іс-шаралар

«Қайырымдылық - жылы жүректен!» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеден жиналған ақшаға 3 аз қамтылған отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

02.02.2022

№5 жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен әр баланың жыл бойы асыға күтетін мерекелерінің бірі жаңа жыл мейрамында ұстаздарымыздың, қалалық білім беру бөлімінің және "Жұлдыз" қайырымдылық қорының демеушілігімен аз қамтылған, көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын 44 оқушыға жаңа жылдық сыйлық табысталды. Демеушілік көрсеткен мұғалімдерге алғысымыз шексіз.

 

«Асар» еріктілер тобы

"Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” онкүндігінің аясында @nurlat.ashatuly ның жетекшілігімен мектебіміздің "Асар" еріктілер тобы Кондратьева Светлана Фёдоровнаның үйін еріктілеріміз күрекпен қаруланып, қысқы қиындықтарға адал көмектесті. Жеке үйде тұратын жалғыз басты әжей үшін мұндай көмек баға жетпес. Қыс мезгілінде еріктілеріміз қар тазалаудан бөлек, әжейдің үйін жинауға да көмектеседі. Бұның өзі оқушыларымызды қайырымдылық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің бір көрінісі. Біздің мақтанышымыз, еріктілеріміз 9 сынып оқушылары:
Жоламанов Ұлан
Нұржанов Саят
Сагидолла Тамерлан
Төлеу Айбар
Жасұлан Аймекен
Джумагалиева Аружан
Амангелді Ақылдым