Ата-аналар үшін
1 сыныпқа қабылдау
2022-2023 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.
1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Қажет құжаттар тізімі:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
026/у- бойынша денсаулық паспорты;
063/у бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
1-сыныпқа қабылдау электрондық үкіметтің Еgov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Электронды форматта өтініш берілгеннен кейін қағаз түріндегі құжаттар қабылдау бөліміне тапсырылу қажет
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
⠀
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
⠀
?Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
⠀
?Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
⠀
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
⠀
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
⠀
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
⠀
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
⠀
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
⠀
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
⠀
❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
⠀